Jdi na obsah Jdi na menu
 


49. Қараимдар Қырымға қай жерден келген?

 

Ертеректе, әлі бірінші ғибадатхана ойран болмай тұрған шақтарда, қараимдер киелі жерден басқа елдерге жайлап қоныс аударып бастаған.
 
Олардың бір бөлігі Мысырда (Александрия мен Каирде қараимдардың үлкен жамағаттары құрылған ), Константинополь және Гитеде(Ефратта) қоныстанған.
 
Екінші бөлігі Орта Азиядан шығып, Кавказдан өтіп Қара теңіздің жағаларына, басымырағы Тавридте қоныстанған.
 
Бұл жерде қараимдар Чуфут Кале, Мангуп Кале, Көне Қырым(Солхат), Кафе(Феодосия) деген жерлерде қоныстанған.
Сондай-ақ қараимдар Евпатория, Севастополь,  Симферополь деген сынды Қырымның басқа қалаларына да жайлап-жайлап қоныс аудара берген.
 
Қараимдардың Қырымды  ескi заманнан бері мекендегеніне көне ескерткіштер куәлік етеді.
Бұл ескерткіштерді тапқан біздің ғұлама-қазбашымыз Фиркович-дүр.
 
Бұл ескерткіштер өте көне замандарға жатады.
 
Бұл ескерткіштердің ең көнесі біздің заманымыздың 6-ншы жылына жатады.