Jdi na obsah Jdi na menu
 


44. Марқұмның рухы жай тапсын деп оқылатын дұға

 

Зехер ал мет  זֵכֶר עַל מֵת
 
Игілердің, зерделілердің, бейкүнәлардың және қасиеттілердің рухы шат болсын, әм осы марқұмның* да рухы шат болып қайта тірілуге лайық болсын.
Исраель Құдайы оны Эден жұмағына орналасқан игілермен бірге шаттыққа бөленуді лайық көрсін, Киелі кітапта жазылғандар марқұм үшін де орындалсын:
Адал жандар бұл құрметке шаттансын,
 Төсекте жатып та қуана ән салсын.
Игілерге нұр жауады ал жүрегі тазаларға қуаныш.
Игілер, Адонайда қуаныңдар, Оның Ұлық Атыны мадақтаңдар.
Оның рухы Құдайы Адонайдың  өлімсіздік аясына тіркелсін. Амен!
 
*Мына жерде зехері оқылып жатқан марқұмның аты аталуы қажет.

 

זֵכֶר צַדִּיקִים לִבְרָכָה וְזֵכֶר יְשָׁרִים וּנְבוֹנִים וּטְהוֹרִים וּקְדוֹשִׁים לִבְרָכָה וְכֶן זֵכֶר פְּלוֹנִי אוֹ פְּלוֹנִית זִכְרוֹנוֹ לְנֵקבָה זִכְרוֹנָהּ לִבְרָכָה וְלִתְחִיָּה אֱלֹהֵי יִשְׂרָאֵל יְלִינֵהוּ לַנְקֵבָה יְלִינֶהָ בְּמָלוֹן טוֹב וּבְמָלוֹן נְחְשָׁב וְעִם הַצַּדִּיקים הַנּוֹחֲלִים בְּגַן עֵדֶן וִיקַיֵּם עָלָיו לַנְקֵבָה עָלֶיהָ מִקְרָא שֶׁכָּתוּב יַעְלְזוּ חֲסִידִים בְּכָבוֹד יְרַנְּנוּ עַל מִשְׁכְּבוֹתָם׃
אוֹר זָרוּעַ לַצַדִּיק וּלְיִשְׁרֵי לֵב שִׂמְחָה׃
שִׂמְחוּ צַדִּיקִים בַּיְהוָֹה וְהוֹדוּ לְזֵכֶר קָדְשׁוֹ׃
וְהָיְתָה נַפְשׁוֹ לַנְקֵבָה נַפְשָׁהּ צְרוּרָה בִּצְרוֹר הַחַיִּים אֶת יְהוָֹה אֱלֹהָיו לַנְקֵבָה אֱלֹהֶיהָ אָמֵן׃