Jdi na obsah Jdi na menu
 


19. Песах - Хаг hамацот

 

Песах (Пасха) פֶּסַח
Хаг hамацот (Ашытқысыз нан мейрамы)  חַג הַמַּצּוֹת
 
Песах мейрамы Нисан айының 14і күні кешке басталып 21і күні кешке аяқталады, яғни мейрам 7 күн жалғасады.
Песах мейрамының алғашқы және соңғы күні маңызды болып есептеледі, сондықтан да бұл күндері тамақ пісіруден басқа барлық жұмыстарды жасауға тыйым салынған, ал арадағы бес күн хол hаммоэд   חֹל הַמֹּעֵדжартылай  мейрам болып есептеледі (бұл 5 күн ішінде тек ең маңызды шаруаларды жасауға болады).
Бұл мейрам ата-бабаларымыздың Мысыр құлдығынан құтылғаныны еске алу  орнатылған.
Исраель ұлдары Мысырдан шығарда  жолда жеу үшін ашыған қамырдан нан дайындауға үлгермегесін ашымаған қамырдан жасалған шелпек нан пісіріп жеуге мәжбүр болған, сондықтан 7 күн мейрам бойы ашытқысыз нан  מַצָּה маца жеу керек деген қағида орнатылған.
Сондықтан бұл мейрам Хаг hамацот деп те аталады (Ашытқысыз нан мейрамы).
Ашытқысыз нан (маца) Песах мейрамының уақыты кірместен бұрын, ашытқысыз қамырдан, тұзсыз пісіріледі.
Сондай-ақ Песах мейрамы кірместен бұрын ұй, ұйаспаптары әм ыдыс-аяқтар бүткіл ашытқылардан  חָמֵץ хамец   тазалануы тиіс.
Қараимдарда мейрамның бірінші күні кенасадағы дұғадан кейін, үйде הַגָּדָה  һагада яғни ата-бабаларымыздың қалай Мысыр құлдығынан құтылғаныны, Песах мейрамының маңызыны әңгімелейтін хикаяларды оқу орнатылған, ал содан кейін Мысырдағы қиын өмірді еске алу үшін бәрі отырып ашытқысыз нан мен ащы көкөністерді жейді.