Jdi na obsah Jdi na menu
 


23. Суккот (Шатырлар мейрамы)

חַג הַסֻּכּוֹת
 
Шатырлар мейрамы Тишри айының 15інші күні басталып 8 күн жалғасады.
 
Бұл мейрам ата-бабаларымыздың 40 жыл бойы шөл-далада қаңғып жүргендеріні еске алу үшін орнатылған, сол шөл-далада олар суккаларда סֻכּוֹת (шатырларда) өмір сүрген.
 
Бұл мейрамның алғашқы және соңғы күні аса қадірлі болып есептеледі, сондықтан тамақ дайындаудан басқа жұмыс жасауға болмайды, ал арадағы 6 күн жартылай мейрам חֹל הַמֹּעֵד  болып есептеледі, бұл ара күндерде тек ең маңызды жұмыстарды жасау ұлықсат етілген.
Мейрамның соңғы күні жиналыс күні Шемини ацерет  שְׁמִינִי עֲצֶרֶת  деп аталады, себебі халық бұл күнде Йерушалаимда жиналып Тораның қырағатыны тыңдаған.
Сондай-ақ бұл күн Симхат Тора שִׂמְחַת תוֹרָה  яғни Тораның шаттығы депте аталады, себебі әр шаббатта Тораның бір бөлімшесі  פָּרָשָׁה  оқылғасын, Симхат Тора  күнінде Тораның соңғы бөлімшесі оқылып, Тора қайтадан басынан оқылып басталады.
 
Бүгінгі күнде шатырлар (Суккот) мейрамы қараимдарда былайша тойланады: Ғибадатқа ерекше дұға қосылып оқылады.
Әм мерекелік дұғадан кейін барлық жамағат таңда және кеште 7 күн бойы кенасаның шарбағына құрылған, шөп және миуалармен әшекейленген, бәріне ортақ суккаға  סֻכָּה  кіреді, ол жерде қысқа дұғалар мен жырлар айтылады.