Jdi na obsah Jdi na menu
 


Қараимдар мен яһуди талмудшылардың арасындағы айырмашылықтар нелер?

 

Яһуди талмудшылар Мошенің жазылған заңдарына қосымша, ауызша дәстүрге де сенеді. Олар, ауызша дәстүрдің де Синай тауында Моше Пайғамбарға берілгеніне сенеді.
 
Талмудшылардың сенімі бойынша, бұл ауызша дәстүр Моше Пайғамбардың өлімінен кейін дәйекті түрде бас діни қызметкерлерден ауызша түрде ұрпақтанұрпаққа тараған.
 
Ақырында ұмытылып кетеді деп қорқылғандығынан ауызша дәстүр жазылып, реттелген.
 
Бұл ақиданың жақтаушылары Тораның іліміне, оған қайшы келетін яки оның мағынасыны бұзатын түсініктерді косып бастаған.
 
Діни пікірталастар мен келіспеушіліктер басталған, бір мәселеде түрлі-түрлі көзқарастар мен жорамалдар болған.
 
Осылайша, жорамалдар селдей ағып соңында Мишна және Гемара деп аталатын толып жатқан раввиндік ілім пайда болған, бұлардың барлығы Талмуд деп аталады.(Сондықтан осы ілімнің жақтаушылары талмудшылар деп аталады)
 
Талмудқа илаһи мән-маңына беріліп халық арасында жайылып басталған шақтарда қараимдар  Киелі кітапты қатаң  түрде ұстанған және Киелі кітапта Талмудты қолдайтын ешқандай дәлел таппағасын жаңа ілімге бойсұнбаған. Қараимдар, Құдайдың Синай тауында Моше Пайғамбарға берген заңыны сол қалпында сақтап, ескі ілімнің адал ұлдары болып қала берген. 
 
Қараимдар бөлек ұлт пен бөлек дін құрған, әм олардың яһуди талмудшылармен ешқандай байланысы жоқ.